Қоғамдық даму басқармасының басшысы 240 млн теңгені талан-таражға салған
670
Пандемия кезінде бюджеттің 240 млн теңгесін иемденген қоғамдық даму басқармасының бұрынғы басшысы үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облыстық тергеу сотының қаулысындағы мәліметке сүйенсек, Дамир Жүнісов заңсыз жолмен пайда табу мақсатында адамдармен бірнеше рет алдын ала сөз байласып, аса ірі мөлшерде — 239 871 438,43 теңгені талан-таражға салды деген күдікке ілініп отыр.
Экс-шенеунік 13 қаңтарда ұсталған. 14 қаңтарда экс-шенеунік Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен күдікті ретінде танылған.
Сот талқылауында күдікті тергеуде берген барлық жауаптарын қуаттап, кінәсін толық мойындады. Шынайы өкінетінін айтып, қатаңдығы неғұрлым жеңілдеу бұлтартпау шарасын қолдануды сұраған. Сонымен қатар ол келтірілген залалдың мөлшері анықталғаннан кейін оны толық өтеуге ниетті екенін айтқан.
Бұдан өзге 2022 жылдың маусым айынан бергі іс бойынша қорғануға құқығы бар куә ретінде бірнеше рет шақыртуға уақытылы келіп, құқыққа қайшы әрекетке қатысы бар басқа да тұлғаларды әшкерелеуге тергеу органына көмек көрсеткен.
Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің тергеушісі күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш білдірген. Алайда 33 жастағы бұрынғы басшы сот санкциясымен үйқамаққа алынды.
Сонымен қатар, сот қаулысына сәйкес, Дамир Жүнісовке тергеп-тексеру органының шақыртуын, денсаулығына байланысты дәрігерге жүгінуін қоспағанда тұрғылықты мекенжайынан шығуға тыйым салынды. Оның қорғаушыдан басқа іске қатысушы адамдармен телефонмен сөйлесуіне, хат-хабар жөнелтуіне және байланыс құралдарын пайдалануына, белгілі бір адамдармен араласуына болмайды.
Облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер прокурор үйқамақта ұстау туралы сот қаулысы бойынша апелляциялық өтінішхат өткізгенін хабарлады.