Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмысы жүргізілді

862
Тергеу изоляторына өзіндік қауіпсіздік тобының уәкілі келіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмысын өткізді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Қылмыстық атқару саласы  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №68 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмысы жиі өтеді. 

Бұл жолы жиынға Қызылорда облыстық  ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі, әділет капитаны Жамбылов Рахым Хамзаұлы келіп, жеке құрам алдына шығып баяндама оқып, бірқатар сын ескертпелер мен ұсыныстарын айтты.  

Рахым Хамзаұлы өз  баяндамасында,  алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының мақсатын,негізгі ұғымдарын, баптарын атап өтті. 


Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылатындығын баяндады. 

Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де  оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін  пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық деп  аталады дей келіп, құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептердің жиынтығын түсіндірді.

 2022 жыл бойынша ҚАЖ саласындағы  жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша анықталған  фактілерге шолу жасап, 2023 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шараларды тиімді жүзеге асыру бойынша бірқатар ұсыныстар берді. 

Бағыныштыларды, олардың қызметтегі және күнделікті өмірдегі мінез-құлқын бақылау қажет.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік, қызметтік тәртіп пен Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы тұрақты негізде әңгіме жүргізуді қатаң қадағалау  керек. 

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу әрбір қызметкердің  ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез – құлық нормасына айналуы тиіс.

Жеке құрам бойында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет болмаса, қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

 Сондықтанда, тергеу изоляторындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес, үздіксіз жүргізілуі керек – деп, аяқтады аға жедел уәкәл өз баяндамасын. 

Жиын соңында сыбайлас жемқорлық фактілеріне қатысты видеоролик көрсетіліп, қызметкерлер келген мамандарға ролик бойынша сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.