Қазақстан Байқоңырдан 13,5 млрд теңге өндіріп алмақ
739
Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін мемлекет Байқоңырдан қаржы өндіріп алмақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның пристав қызметі Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығына елден активтерін шығаруға тыйым салған. Сонымен қатар мекеме басшысына тергеу аяқталғанша республика аумағынан шығуға болмайды.
Мұндай шешімді "Астана" Халықаралық қаржы орталығының соты 2022 жылдың қарашасында қабылдаған. Ал тергеудің басталғаны туралы құжатты Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығы 2023 жылдың қаңтарында алғаны көрсетілген.
Қазақстан мен Ресейге ортақ "Бәйтерек" кәсіпорны 2005 жылы ғарышты игеру бағдарламасын жүзеге асыру үшін құрылған. Оған сәйкес гептилмен ұшатын зымыраннан экологиялық таза зымыранға өту жоспарланған еді.