Мемлекет абақтыда жазасын өтеп жатқандарға жәрдемақы төлемек

635
Еліміздің түрмелерінде жазасын өтеп жатқандарға 65 313 теңге көлемінде жәрдемақы берілмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл жәрдемақы Сенат қабылдаған әлеуметтік кодексте қарастырылған.

Мемлекет төлейтін жәрдемақыны түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан кез келген сотталушы ала алады. Ол үшін қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасауы тиіс. Яғни, түрмеде қозғала алмайтын немесе жүріп-тұруы қиын сотталған мүгедек адамның күнделікті күтіміне жауапты болады. Сондай-ақ, ондай жеке көмекшілер міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру қызметімен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі күні 54 бірінші топтағы мүгедек сотталушы түрмеде жазасын өтеп жатыр. Бірінші топтағы мүгедектерге қызмет көрсететін 30 мыңға жуық жеке көмекші міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырумен қамтылады, – деді Парламент Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.