Жалағаштық кәсіпкер тың кәсіпті қолға алды

1 034

Ең ауқымды өндірістерден бөлек облыс тұрғындары шағын кәсіп бастап, өндіріс нарығына өз өнімдерін шығара бастады,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Жалағаштық  тұрғыны өңірдегі тың кәсіпті мемлекеттік бағдарлама аясында қолға алды. Еуропалық стандарттарға сәйкес өнім өндіреді. Кәсіпкердің шағын кәсіпорнында SinPro сауда белгісімен тосол, антифриз тәрізді суыққа төзімді сұйықтықтар шығарылады. Кәсіпорында күніне 1000 литр антифриз,  автокөліктерге арналған этиленгликоль негізіндегі антифриз, тосол, салқындатқыш шығарылады және алғашқы отандық өндіруші болып саналады.

Антифриздер – төмен температураға шыдап беретін салқындатқыш сұйықтықтар. Мұндай өнімдер бензин және дизель қозғалтқыштарының салқындату жүйесіне қолдану үшін жасалған. 

Шетелдік брендтер тарапынан бәсекелестікке қарамастан өнімдері жоғары сапалы сипаттамаларының арқасында автохимиялық өнімдердің бөлшек сауда нарығында өз орнын табуда. 

 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде. 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алдым. Одан бөлек, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 6 пайыз мөлшеріндегі кепілдік арқасында 6 млн теңге көлемінде несиеге қол жеткіздік. Осылайша, мемлекеттің қолдауы біздің дамуымызға және өнімнің өзіндік құнын тұрақтандыруға қомақты септігін тигізіп келеді, – дейді кәсіпкер Асхат Ермекбаев.

Қоршаған орта температурасының -40-тан +50-ге дейінгі диапазонында.