Қала әкімі көшеге шығып, құрылысшыларға тас төсеуді үйретті

148

Қарағанды қалаcының әкімі Мейрам Қожухов құрылысшыларға тас төсеуді көрсетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Қала әкімі Қарағандының қоғамдық кеңістігін абаттандырумен айналысатын мердігерлерді қалай бақылайтынын көрсетті. Ол мұны өз Instagram-парақшасында айтып берді.


"Қоғамдық кеңістіктер жабдықтала бастады. Тас төсеп, Бұқар жырау-Чкалов қиылысында жұмыс істеудеміз. Шынымды айтсам, оны бірнеше рет ауыстырттым", – деп жазды Қожухов.


Әкім жұмыстың сапалы ғана емес, әдемі де орындалғанын қалайтынын айтады. Тұрғындардың сынына ұшырамай, оларды қуанту үшін тексеріп жүрмін дейді. Айтуынша, ескерту жасалмаса, мердігерлер өздеріне ыңғайлы етіп жасайды.


Мұны көрген қала тұрғындары әкімге жылы лебіздерін жазып, алғыстарын білдірді.


"Болмайды. Сынап, оны қайта жасауға мәжбүрлеймін. Бұл одан әрі жақсырақ және жылдамырақ болады деп үміттенемін", – деді қала басшысы.


Мейрам Қожухов жұмыстың барысын тексеру үшін құрылыс басына күніне бірнеше рет баратынын атап өтті.


"Кейде олардан қандай нәтиже күтетінімді нақты көрсетіп, түсіндіремін. Екі жыл ішінде басты көше Бұқар жырау даңғылындағы барлық төсеніштерді ауыстыруды жоспарлап отырмыз", – дейді әкім.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.