Әкімді пышақтап өлтірген ауыл тұрғыны 9 жылға сотталды

555

Ақтөбе облысында әкімді өлтірген ауыл тұрғынына сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл оқиға 2022 жылдың 11 желтоқсанында Ақтөбе облысы Алға ауданындағы Сарықобда ауылдық округінде болған. Жергілікті фермер мен әкім жанжалдасып қалған. Ішімдікке сылқия тойып алған тұрғын жанжал кезінде ауыл әкіміне пышақ сұғып алған. Жәбірленушіден көп қан кеткен, ер адам алған жарақатынан қайтыс болды. Ал фермер абайсызда адам өлтіргені үшін жауапқа тартылды.


17 шілде күні Алға аудандық соты үкім шығарды. Прокурор сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ол өз кінәсін толығымен мойындады, шын жүректен өкінетінін де жеткізді. Судья фермердің кәмелет жасқа толмаған балаларының бар екенін де ескерді. Оған қоса, сотталушы жәбірленуші тарапқа 25 миллион теңге моральдық шығын да төледі. Алайда қылмысты мас күйінде жасағаны жазаны ауырлататын мән-жай болды.


Судья әкімді пышақтап өлтірген ауыл тұрғынын 8 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.