Тұрғындарға бір метрден биік құлпытас орнатуға тыйым салынбақ

98

Елорда тұрғындарына бір метрден биік құлпытас орнатуға тыйым салынады, - деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі. 


Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы жерлеу және бейіттерді күту жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа ережелерін мәслихаттың қарауына ұсынды. Жаңа ережелерге сәйкес құлпытастардағы жазулар бейітте жерленгендер туралы мәліметтерге сәйкес келуі керек.

Қабірді жобалау және орналастыру ережелері келесі стандарттармен толықтырылған:

  • Қабір үстіндегі құрылыстарды (құлпытастарды), қоршауларды тек берілген жерлеу орындарының шекараларында орнатуға болады;
  • Қабір үстіндегі ескерткіш пен қоршаудың биіктігі 1 метрден аспауы тиіс; 
  • Орнатылатын қабір үстіндегі құрылыстардың (құлпытастардың), қоршаулардың берілген жерлеу орнының шекарасынан шығып тұратын немесе оның үстіне ілінетін бөліктері болмауы тиіс.


Зират әкімшілігінің құзыреті ішкі ережелерді бекіту үшін зират аумағына салттық қызмет көрсету тәртібін анықтау құқығымен толықтырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.