Әкімдік бұрын жемқорлық үшін сотталған шенеунікті мемлекеттік қызметке алған

312

Көкшетауда бұрын істі болған болған адамды жұмысқа алған әкімдік қызметкері жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Көкшетау қаласы құрылыс бөлімінің басшысы міндетін атқарушы А. есімді шенеунік бұрын жемқорлық қылмысы үшін сотталған С. есімді азаматты құрылыс секторының меңгерушісі лауазымына қызметке алған. Ал, ол 2017 жылы «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша сотталған.


Ақмола облыстық сотының хабарлауынша, шенеунік С. есімді азаматтың бұрын сотталғанын біле тұра, ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңына сүйенбеген. Ал, бұл заң аясында бұрын жемқорлық қылмысы үшін сотталған азаматты мемлекеттік қызметке алуға болмайды.


Сот шешімімен, бұрын жемқорлық қылмысы үшін істі болған азаматты мемлекеттік қызметке алып, әкімшілік құқық бұзған шенеунікке 241 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.