Биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, емтиханнан жарты жылға шеттетіледі: Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсуде

336

Жүргізуші куәлігін алу процесі күрделене түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Информбюроға сілтеме жасап.


Cынақ тапсырғалы отырған кандидат электрондық үкімет порталы арқылы биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, емтиханнан жарты жылға шеттетіледі. Өзгерістер мұнымен бітпейді.


Мәселен, үміткер бірінші жолы теориялық не тәжірибелік сынақтан құлап қалса, емтиханды келесі күні келіп тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал екінші мәрте де жолы болмаса, бір айдан кейін білімін қайта сынай алады.


Бірақ тәжірибелік сынақтан үшінші рет өтпесе, теориялық тест нәтижесінің күші жойылады. Сосын тек екі айдан соң ғана қайта келуге рұқсат. Сондай-ақ, жаңа талаптарға сәйкес теориялық емтихан өтетін сыныптар арнайы қондырғылар және бейнебақылау камераларымен жабдықталады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.