Жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Сот үкімімен бес айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі қаражаттарды «қолма-қол ақша түрінде шығарып берумен» және жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті аяқтады.
Анықталғандай, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мекемелерге екінші деңгейлі банк шоттарынан жүйелі түрде қаражаттарды заңсыз қолма-қол ақша түрінде шығарып беріп отырған. Яғни олар өз бақылауындағы 17 коммерциялық компания арқылы 5 млрд теңгеден астам сомаға коммерциялық ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстары, көлік қызметтері және халық тұтынатын тауарларды жөнелту бойынша қызмет көрсетуге жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы мекемелердің салық төлеуден жалтаруына көмектескен.
Қылмыстық топ ұйымдастырушылары «бір күндік фирмаларды» жақын туыстары мен таныстарының аттарына тіркеген.
Сот үкімімен бес айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.