Максим Споткай: "Қазақстан мен Ресейде тұратын орыстар бір халық емес"

250

Парламент Сенаты аппараты басшысының орынбасары, қоғам белсендісі Максим Споткай еліміздегі ұлттар татулығына қатысты ойын айтты. Сөзіне сүйенсек, Қазақстандағы көптеген өзге ұлт өкілдерінің түсінігі, дүниетанымы қазақиланып кеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Максим Споткай / Видеодан кадр

 Жас шенеунік Қазақстан мен Ресейде тұратын орыстар жайлы ойын "Сұрауы бар" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Оның ойынша, екі елдегі бір ұлттың, яғни орыстардың салыстырмалы түрде айырмашылығы өте көп.


Ресей мен Қазақстанда тұратын орыстар бір халық емес. Себебі тілі де, дүниетанымы мен менталитеті де басқаша, екі халық сияқты. Бір-бірлерінің беттері ұқсағанымен, меніңше, ішіне үңілсек айырмашылық бірден білінеді,— дейді Максим Споткай.


Сонымен қатар, қоғам белсендісі Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілі қазақ халқына жақын екеніне де тоқталды. Әрі еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің менталитеті, дүниетанымы бірдей деген пікірде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.