Ерекше балаларға мерзімі өтіп кеткен тәттілерді сыйлаған

1 564

Фото:  сыйлық тәттілеріӘлеуметтік желіде кәсіпорындардың бірі ерекше балаларға мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Pavlodarnews.kz сайты Ақсу қаласы білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Смағұловтың айтуынша, мерзімі өтіп кеткен тәттілерді жабдықтаушы жеткізген. 

Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Олар сегіз жылдан бері  сыйлықтар әкеледі және мұндай  болған емес. Кәмпиттердің қатты болуы мен мерзімдерінің өтіп  кетуі ата-аналардың ашуын тудырды, – дейді Қайрат Смағұлов.

Бөлім басшысы шағымдардан кейін тәттілердің қаптамасының сыртында жаңадан жарамдылық мерзімі жабыстырылғанын көргенін айтады. Бұдан кейін ата-аналармен Zoom арқылы жиналыс өткізіп, олардан кешірім сұраған. 

Сыйлықтардың жарамдылық мерзімін тексермегенім үшін өз кінәмді мойындаймын. Бұл – ерекше балалар. Тіпті, осылай болады деп ойламаған едім. Бұған қоса, сыйлықтарды ертерек емес, шырша мерекесі таяп қалған кезде жеткізді, – дейді Қайрат Смағұлов.

Айтуынша, ерекше балаларға арналған мұндай ертеңгіліктерде жыл сайын театрландырылған қойылым ұйымдастырылады, сыйлықтар беріледі. 

Қала бойынша барлығы 291 ерекше бала бар және кәсіпорын барлық ерекше балаларға сыйлықтар береді, - дейді ол.

Бөлім басшысы алдағы күндері сыйлықтар ауыстырылатынын мәлім етті. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.