Ақтөбеде төтенше жағдай жарияланды

1 624

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАқтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет облыс орталығында төтенше жағдай жарияланғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгін Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жариялап отырмыз. Су тасқыны — табиғи құбылыс. Оны тежеу оңай болмай жатқаны рас. Ақтөбе су қоймасында болған судың көлемі бір тәуліктің ішінде 150 миллион текше метрге көбейді. Су қоймасы мұндай көлемді суды сыйғыза алмайды. Яғни, қалаға түгел қауіп төніп тұр. Сондықтан, біз суды жіберіп отыруға мәжбүрміз. Елек өзенінің бойында орналасқан және Қарғалы өзенінің Кірпішті көпіріне жақын орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуацияға келісім беріп, үйлеріңізді босатуларыңызды сұраймын.Біз үшін сіздердің өмірлеріңіз өте маңызды. Өздеріңіз білесіздер наурыздың 26-сы күні қала аумағында күннің күрт жылынуына байланысты дала сулары көтерілді. Бірнеше тұрғын алаптар мен бау-бақша ұжымдарына қауіп төнді, — деп хабарлады қала әкімі Азамат Бекет.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.