Қызылордалық кәсіпкер республикалық конкурс жеңімпазы атанды

1 504

Фото: Облыс әкімдігіМереке қарсаңында Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тұрғыны Ботагөз Аркашбаева республикалық «Ару ана» конкурсының жеңімпазы атанып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен өткен «Ару ана» республикалық конкурсының қорытындысымен Қазақстан бойынша 20 қыз-келіншек іріктелген болатын. Конгресс-Холлда өткен Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концертте оның 6-уы марапатталды. Жерлесіміздің жобасы «АГРОБИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖОБА» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды. Б.Аркашбаеваның «Ешкі сүтін терең өңдеу» жобасы тәулігіне 50 литр ешкі сүтін өңдеуге бағытталған.


Негізгі мамандығы хореограф болғанымен, 2017 жылдан бері «Оразбек» отбасылық шаруа қожалығын ашып, мал шаруашылығымен айналысуды бастаған. Қазір ешкі саны 100-ден асты, Австралия және Германиядан ешкі төлін әкеліп, жергілікті тұқымдармен будандастыру тәжірибесін қолға алған. Алдағы уақытта будандастырылған жаңа тұқымды халықаралық сатылымға шығаруды жоспарлауда.


Ешкі сүтінен ірімшіктің 4 түрін, құрт, май, брынза, сүзбе жасап сатады. Өнімдерге сұраныс өте жоғары болғандықтан, кәсібін кеңейтпек.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.