Балабақшада психоневрологиялық есепте тұрған әйел жұмыс істеген

1 543

Фото: norma.uzҚадағалаушы орган өкілдері өңірдегі бірнеше білім беру мекемесіндегі заң бұзушыларды әшкереледі. Бұл туралы "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.


Павлодардағы жекеменшік балабақшаның бірінде психоневрологиялық диспансердің есебінде тұрған әйел тәрбиеші болып жұмыс істеген. Бұл жағдайды прокурорлар тексеріс барысында анықтаған.


Сондай-ақ Аққулы ауданында музыка пәнінің мұғалімінің бұрын адамға орташа ауырлықтағы дене жарақатын салғаны үшін сотты болғаны анықталды. Ал Тереңкөл ауданындағы 200-ге жуық бала жаттығатын теннис орталығындағы кадр бөлімінде бұрын есірткі қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған адам жұмыс істеген.


“Істі болғандар мектеп пен балабақшаларда аула сыпырушы, тазалыққа жауапты қызметкер ретінде де ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келген. Заң бұзған тұлғалар бірден жұмыстан шығарылып, білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті шара қолданылмақ”, – делінген хабарламада. 


Павлодар облыстық прокуратурасы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Серік Ахметов заң бойынша кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, экстремизм, адам саудасы секілді қылмыс жасағандар балалармен жұмыс істемеуі тиіс екенін атап өтті. Бірақ жекеменшік мектеп пен балабақшалар заңды жиі бұзатын көрінеді. Бұрын істі болған азаматтар қазір жұмыстан шығарылды. Прокуратура бірнеше іске қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.