Полицейлерге жұдырық ала жүгірген келіншек 4 жылға бас бостандығынан шектелді

1 597

Фото: novostipmr.comӨскеменде полицейлерді боқтап, жұдырық ала жүгірген келіншек 4 жылға бас бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әйел күйеуін бөлімшеге әкетпек болған полицейлерге қарсы шыққан. 


Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері түскен арыз бойынша көрсетілген мекенжайға барып, ер адамды бөлімшеге алып кетпек болған. Сол кезде оның әйелі қарсылық білдіріп, тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған.

"Әйел адам полицейлердің бірінің бетінен, басынан және аяғынан бірнеше рет ұрып, екіншісінің иек тұсына жұдырық сілтеген. Мас күйде болған әйел қызметтік міндетін атқарып жүрген құқық қорғау органы қызметкерлеріне балағат сөздер де айтқан", – делінген ақпаратта.

Сот шешімімен айыпталушы 4 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді. 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.