Балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қызметкерлерінен ақша жинаған

1 313

Фото: istockphoto.com/Svetlana VerbitskayaАқмола облысында балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағы қызметкерлерінен ақша жинаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл мәселе облыстағы балабақшаларды тексеру нәтижесінде белгілі болды.


«Жалпы, балабақшаларда прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша әртүрлі салада 300-ден астам бұзушылық анықталды. Мысалы, балабақшалардың бірінде қызметкер мас күйінде болған. Тағы бір жағдайда, балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағы қызметкерлерінен қаражат жинады. Ол жұмысынан шығарылды», - деп хабарлады прокуратура.

Тексеру қорытындысы бойынша үш балабақшада 15 қызметкерден жалған медициналық кітапшалар табылды.


Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім берудің 19 мекемесінде тамақтану нормалары санитарлық нормаларға сәйкес келмейді.

«Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды», ‒ деп атап өтті прокуратура.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.