Қаражат жымқырған емхана басшылығы сотталды

1 428

Фото:ustinka.kzАтырауда қаражат жымқырған емхана басшылығы сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпрарат агенттігі.

26 тамызда Атырау қаласының соты №4 Атырау қалалық емханасының директоры Е.Сабировқа, шаруашылық меңгерушісі А.Әлжановаға, бас бухгалтер М.Дүйсенғалиеваға және кәсіпкер А.Ералиеваға қатысты үкім шығарды.Алдын алу шаралары шеңберінде сот процесі ашық режимде өтті.

Процеске онлайн түрде облыстық денсаулық сақтау басқармасының және оның 28 ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қосылды.

Сотталушылар заңнама талаптарын бұза отырып, жасалған шарттар шеңберінде іс жүзінде қызмет көрсетусіз кәсіпкерге 231,8 млн теңге сомасында ақша аударып, қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оларға 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ емхана басшысы Сабиров өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Әлжанова, Дүйсенғалиева және Ералиева мемлекеттік ұйымдарда 7 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.