Жалағашта әдістемелік кеңес отырысы өткізілді

1 212

Жалағаш Аудандық Білім БөліміАғымдағы жылдың 11 қыркүйек күні №202 мектеп базасында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік кеңес отырысы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әдістемелік кеңес отырысы  барысында  Бағдарламаға сәйкес «943 – елдің мақсатты мектептері дамыту» республикалық жобасы бойынша атқарылатын жұмыстар,  «Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылар үшін қосымша сабақтар ұйымдастыру әдіснамасы» «Цифрлық ұстаз» жобасының іске асырылуы, «Біртұтас тәрбие» бағдаламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмдері түсіндірілді.


Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 13- қыркүйек күні №202 орта мектеп базасында МДҰ педагогтеріне әдістемелік көмек беру максатында семинар өткізілді. Семинар жұмысына барлық балабақша меңгерушілері, әдіскерлері, МАД педагогтері мен мектептің бастауыш оқу ісі меңгерушілері қатысты. Семинар барысында №201 мектеп-лицейі директорының орынбасары А.Исаева «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұнын мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процессіне енгізу алгоритмі туралы хабарлама жасады.


Әдістемелік кабинет меңгерушісі С.Қосжанова мектепке дейінгі ұйымдарда басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. 


Балабақша әдіскері Г.Алпысбаева балабақшаларда және мектептерде мектепалды даярлық тобының оқу - тәрбие процесінің ұйымдастырылуы, баланы мектепке даярлау жұмысын жүргізудегі  балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы туралы айтты.


Аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі сектор меңгерушісі Ж.Жүргенова МДҰ дардағы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы мақсат міндеттеріне тоқталып,жұмыс жоспарымен таныстырды. Семинар соңында қорытынды жасалып, кері байланыс жүргізу арқылы ұсыныс, пікірлер тыңдалды.