ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 214

Жалағаш ауданыЕңбек күні қарсаңында Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет тыл ардагері, кент тұрғыны Мұхамеджан Дәндібаевтың шаңырағына арнайы барып, атаулы күнмен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Сіздің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бейбіт еңбектегі қалдырған ізіңіз бізге өнеге. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, бағасы артуда, мәні мейлінше тереңдеп, даралана түсуде. Сіздің ерлік еңбегіңіз құрметке лайық. Сіз жүріп өткен жол – елдік пен ерлік жолы» деген бөлім басшысы Жасұлан Ерданұлы еңбек күні – мемлекетіміздің тұрақты дамуына үлес қосқан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған маңызды мереке екенін атап өтіп, тыл ардагеріне аудан әкімі А.Ибраимовтың құттықтауы мен сый-сияпатын табыстады.