Қазақстанда әйелдерге қарағанда ер адамдар көп жоғалатын болып шықты

1 344

Фото: Instagram/Vita іздеу ұйымыҚазақстанда қазір 9 415 адам іздестіріліп жатыр, олардың 2 096-сы – хабар-ошарсыз кеткендер. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет осындай статистика жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Із-түссіз жоғалғандардың көбі Алматы қаласында, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарында тіркелген.

«Ең көп 30-49 жас аралығындағы ер адамдар (77%) әртүрлі жағдайларда жоғалады. Үйінен шығып, қайта оралмағандар – 1 558, автокөлікпен жоғалғандар - 72, жұмыстан шыққандар – 33 адам», - дейді комитеттегілер.

Бұдан бөлек, елімізде тергеуден және соттан жасырынған 2 184 адам іздеуде жүр. Дені – 31-40 жас аралығындағы ер адамдар. Олардың басым бөлігі – Алматы, Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы мен Қарағанды облыстарында алаяқтық, ұрлық және адам өлтіргені үшін іздеуге салынғандар.

Айта кетері, Қазақстанда іздестіру жұмыстарын ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.