Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласы дамуда

1 287

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігіЖалағаш  ауданында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аймақтың табиғи-климаттық және топырақ ерекшеліктеріне қарай ауыл шаруашылығы саласы толығымен суармалы егіншілікке, оның ішінде күріш егісіне бейімделген. 

Аудандағы 335 шаруашылықтың 199-ы (59,4%) егінмен және 136-сы мал шаруашылығымен (40,6%) айналысады.

2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес барлығы 37 676 гектар жерге егіс орналастырылды. 

Осы ретте, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес егіс алқабын әртараптандыру жұмыстары да жалғасуда. Суды аз қажет ететін дақылдар өткен жылмен салыстырғанда 597 гектарға көбейтілді. 

Аудан шаруашылықтары тарапынан 2024 жылы 669,4 млн. теңгеге 13 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. 

Егін шаруашылығымен бірге ауданда мал шаруашылығы да тұрақты дамуда. 

Аудан көлемінде барлығы 38 178 бас мүйізді ірі қара, 35 858 бас  уақ мал, 30 602 бас жылқы, 838 бас түйе, 10 323 бас құс өсірілуде. 

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара -4,4 пайызға, жылқы саны 5,8 пайызға, құс 2,5 пайызға артты. 

Ауданда ауыл шаруашылығы жерлері бойынша биылғы жылы көлемі 17 000 гектар жер учаскесі конкурс арқылы айналымға енгізіледі.

Елді мекендердегі жер учаскелерін аукцион арқылы сатудан аудан бюджетіне 15,0 млн. теңге қаржы түсті. 

Жыл басынан бері мақсатына сай пайдаланылмаған не заңнаманы бұза отырып пайдаланылған барлығы 3730 гектар жер учаскесі мемлекет жер қорына қайтарылды .

Соңғы жылдары жол құрылысы қарқын алып, елді мекендердің ішкі көшелері орташа және күрделі жөндеуден өткізілуде. Сондай-ақ, елді мекендерді ауданмен байланыстыратын жол да назардан тыс қалмады. 

Биылғы жылы құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылуда. 

Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша елді мекендерге бағытталған негізгі күре жолдардың барлығына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Ел президентінің, үкімет басшысының және облыс әкімінің қолдауымен ауданаралық жолдардың мәселелері толық шешімін тапты.

Аудандық маңызы бар жолдармен, елді мекендердің ішкі жолдарын жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін көтеру мақсатында республикалық және облыстық бюджеттерден қаржыландыру үшін жалпы құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаның құжаттары облыстық салалық басқармаға ұсынылды. 

Алдағы уақытта бюджеттің мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен шешімін табатын болады. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша нақты нәтижеге жұмыс жасалуда. Бүгінгі күні аудан халқы 100 пайыз орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтылған.