Шиелі ауданында 10 сынып оқушысы өзінен кіші баланы көкірегінен ұрып өлтірген

1 392

Фото: pixabay.comШиелі ауданында 10 сынып оқушысы 9 сыныптың баласын ұрып өлтірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Шиелі ауданы Қодаманов ауылының 10 сынып оқушылары  сыныптастарымен бірге 9 сынып оқушылары өздерімен амандаспай жүргенін әңгіме қылған. Олардың сыйластық танытпай жүргені үшін, оларды тәртіпке келтіру мақсатында ауыл шетіне  жиналған. 

Сотталушы бір қатарда тұрған 9 сыныптың оқушыларын беттерінен  бір реттен ұрып шыққан.

10 сынып оқушысы бұл әрекетті жалғастырып, оқушыларды  ұрып келе жатып, жәбірленушіні көкірек тұсынан жұдырығымен бір рет қатты соққы жасаған. Соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болды. 

Кәмелетке толмаған 10 сынып оқушысы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.