Жол апатынан анасы мен екі жасар ұлы тірідей жанып кетті

1 422

Фото: istockphoto.comЖамбыл облысындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында жол апатынан 23 жастағы әйел адам екі жасар ұлымен бірге қақтығыс салдарынан болған өрттен көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қайғылы оқиға 24 қараша күні кешкі сағат 20:50-де Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының 369 шақырымында болды.


«Тараз қаласына бет алған «ВАЗ 2114» және BMW көліктері жол жиегінде тоқтап тұрған кезде, Mercedes маркалы автокөліктің 44 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, артынан келіп соқтығысқан», - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД.

Апат салдарынан BMW көлігі өртеніп кетті. Оқыс оқиғадан 23 жастағы жүргізуші мен оның екі жасар ұлы сол жерде қаза тапқан.

Мерседес көлігінің рулінде отырған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.