Қазақ-өзбек шекарасында жасырын тоннель салып, жанармайды заңсыз экспорттаған

1 349

Фото: pixabay.comХалықаралық ұйымдасқан қылмыстық топ Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында тоннель салып, сол арқылы жанармайды заңсыз экспорттаған, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасы және үйлестіруімен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу және ҰҚК департаменттері, Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы арқылы қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып, мұнай өнімдерін контрабандалауға арналған тоннель жойылды.

Атап айтқанда, адамдар тобы қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метрлік тоннель салған.

Осы тоннель арқылы күн сайын көлемі 5-7 тонна жанар-жағармай материалдарын контрабандалық жолмен шығарып, заңсыз әрекеттері шамамен екі айға созылған.

Арнайы шаралармен қылмыстық топтың барлық мүшелері, оның ішінде Өзбекстан азаматтары да белгілі болды.

Мағыналас іс-шараларды Өзбекстанның құқық қорғау органдары мемлекеттік шекараның маңындағы аймағында өткізді.

Сонымен қатар, көрші мемлекеттен экспортталған жанармайдың ақша аудару схемасы анықталды.

Трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері Қазақстан аумағында да, Өзбекстан аумағында да ұсталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.