Жалған түбіртек берген тұрғын 7 жылға сотталды

1 403

Фото: istockphoto.com"Айыппұлды төледім" деп жалған түбіртек берген астаналық 7 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, сот үкімімен қала тұрғыны лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара бергені үшін 240,3 млн теңге көлемінде айыппұл жазасына сотталған.

Кінәлі тұлға 196 млн теңге мөлшерінде айыппұлды ішінара төлеу туралы сот орындаушысына түбіртектердің көшірмелерін табыстаған. Нұра ауданы прокуратурасының талдауы барысында бұл сома мемлекет кірісіне түспегені, ал айыппұлдың төленбегені анықталды. Берілген түбіртек жалған екені расталды, - делінген Астана қалалық прокуратурасының хабарламасында.
Аудан прокуратурасының нұсқауы бойынша сот орындаушысы айыппұлды бас бостандығынан айыруға ауыстыру жөнінде сотқа жүгініп, ұсыныс қанағаттандырылды.
Сотпен айыппұл жазасы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, - делінген ақпаратта.

Жалған түбіртектерді беру фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.