Қатты тұман салдарынан бір адам қайтыс болды

1 362

Фото: ПД баспасөз қызметіКешелі бері Павлодар облысында қатты тұман тұр. Облыс сыртындағы жолдар түгілі ауыл мен қала ішінде жүрудің өзі қиын, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қатты тұманның салдарынан бүгін таңертең Омбы – Майқапшағай бағытындағы автомобиль жолында ірі апат орын алды. Павлодар ауылының жанында бірнеше жүк көлігі мен жеңіл көліктер соғылды. Барлығы бес көлік жол оқиғасынан зардап шекті.

"Өкінішке қарай, Mitsubishi көлігінің жолаушысы – әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта апат орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ал төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері тұрғындарға тұманды күнде алыс жолға шықпауға кеңес беріп, ескертеді. Кейбір жерлерде 50 метрден алыс қашықтықта түк көрінбейді. Сондықтан бұл күндері сақ болған жөн.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.