«ЕНПФ-тен алынған ең үлкен сома - 162 400 000 теңге»: Ал иесінің айлығы қанша?
519
Бұл туралы блогер Дәуле Мұқаев Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
"162 400 000 теңге! ЕНПФ-тен алынған ең үлкен ақша. Бұл адамның айлығы қанша екен? Сіз ЕНПФ-тен ақша алдыңыз? Мен 0 теңге", - деп жазды Дәулет Мұқаев.
Көпшілік оқырмандар мұндай ақша алған адамның айлығы неше теңге болуы мүмкін екенін болжады.
Желі оқырмандары "Біздің елдегі заң тек бай адамдарға арналған", "Өздері алып алу үшін шыққан заң", "Ол адам туылғаннан бастап миллион айлықпен жұмыс істеген шығар", - деп пікір білдірді.