Қазақстанда ірімшік бағасы 5 мың теңгеден асты

1 337

Фото: istockphoto.com2025 жылғы қаңтарда Қазақстанда 1 кг ірімшіктің орташа бағасы 5210 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3,8% қымбат, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ең жоғары орташа баға Қызылорда қаласында тіркелді – 5941 тг/кг. Шымкентте орташа баға 5816 тг/кг, Ақтауда – 5643 тг/кг, Таразда – 5642 тг/кг.

Ірімшіктің ең арзан орташа бағасы Қонаев қаласында – 3492 тг/кг. Қазақстанның өзге қалаларында баға 4000-5500 теңге арасында құбылады.

2024 жылдың 11 айында Қазақстан ірімшік пен сүзбенің 3,6 мың тоннасын  экспорттады. Негізгі импорттаушы елдер ТМД мемлекеттері, соның ішінде Ресей (2,8 мың тонна), Қырғызстан (313 тонна), Өзбекстан (225 тонна), Армения (106,8 тонна), Тәжікстан (45,3 тонна), Түрікменстан (8,1 тонна), сондай-ақ өнімі Біріккен Араб Әмірліктеріне, Оңтүстік Кореяға және Моңғолияға жеткізілген.