Қапшағайда күзетшілерді ұрған полицейлер қамауға алынды

294
Қапшағайда кафенің екі күзетшісін ұрған полицейлер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаевтің айтуынша, тәртіп бұзғандардың барлығы заң алдында жауап береді.

"Бейнежазбада күзетшілерді ұрып жатқан полиция қызметкерлері екені көрініп тұр. Бірден ол адамдар ішкі істер органынан жұмыстан шығарылды. Кафенің барлық адамдарынан түсініктеме алынды. Олар да полицейлердің тарапынан бұзақылық әрекеті болғанын растап берді.

Екі күзетшіден бұзақыларды қылмыстық жауапқа тарту жөнінде арыз түсті. Біз өз ұстанымымызда қаламыз, заңды бұзғандар жауапқа тартылады. Барлық тәртіп бұзған полицейлер заң алдында жауап береді. Кеше олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды" , - дейді Серік Күдебаев Instagram желісінде тұрғындармен жүргізілген тікелей эфир барысында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.