Әкімінің орынбасары тағайындалғаннан кейін ертесіне қызметінен кеткен

2 016

Фото: gov.kzӘсет Шопанов тағайындалғаннан кейін келесі күні Ақтау әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әкімдік баспасөз қызметі 3 наурызда тағайындалған Шопановтың 4 наурызда өз еркімен қызметтен кеткенін растады.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, 2024 жылғы мамырдың аяғында Әсет Шопанов мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Ол кезде ол Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған. Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім шығарған. Кейін Маңғыстау облысы әкімдігі Әсет Шопановқа қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.