АЭС құны 14 млрд доллар болуы мүмкін
1 869
Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда салынатын алғашқы АЭС-тің алдын ала құнын жариялады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Құны техникалық-экономикалық негіздеме бойынша белгілі болады. Бізде қазір вендерлер ұсынған индикативті өлшемдер бар. Қазір ол ұсыныстарын жария ете алмаймыз. Өйткені ресми келісімдермен қорғалған. Жалпы алғанда, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай деңгейдегі станса құны шамамен 14 млрд доллар болады», – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Ол екінші АЭС-ті Қытай салады деп айтылған ақпаратқа түсініктеме берді.
«АЭС салумен байланысты әрбір жоба өзінше бірегей. Бәрінің құзыреті, байыпты тәжірибесі бар. «Росатомды» бірінші жобаға таңдап алуымыздың өзіне құрылыстың мерзімі бойынша ұсынған нұсқасымен байланысты болды. Қытай тарабымен келіссөз өткеннен кейін ғана екінші АЭС құрылысы туралы айтуға болатын шығар», – деді агенттік төрағасы.







