"Күнде шыңғыртып сояды": Көршісінен зәрезап болған атыраулықтар шу шығарды

537
Өйткені айналаны ластап, көршілерін жағымсыз иіске тұншықтырған азамат есігін тарс жауып, тірі жанмен тілдескісі келмейді. Жиналғандардың айтуынша, Есқайыр есімді азамат талпақ танауларды таң азаннан шыңғыртып, бауыздайтын көрінеді. Ал жел тұрса қолқаны қабатын иіс бүкіл ауылға таралады екен.

Жергілікті тұрғындар көршісіне шошқаларын басқа жаққа бағуын талап еткен. Тіпті әкімдікке де арыз жазып, шағымын айтты. Алайда оған құлақ асып жатқан ешкім жоқ.
Қысы-жазы қолаңса иістен зәрезап болғандар терезе ашудан қалған.
Қаумалаған қауым шошқаны кәсіп қылған көршіміз атқамінерлермен ауыз жаласып алған деп күдіктенеді. "Біреудің ауласына баса-көктеп кіре алмаймыз. Ол заңсыз. Еш себеп жоқ. Осыдан екі жыл бұрын Водников ықшам ауданының адамдары жай ғана телеграммға жазған. Кейін біз шошқа бағатын азаматқа еткерту жасадық. Енді айтарымыз, нақты дәлелдермен, дәйектермен тұрғындар сотқа шағымдансын. Біз бірден білек сыбана кірісеміз", - дейді Атырау қалалық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Дәулетов.

Ал шошқа бағып кәсібін дөңгелеткен азамат халықтың наразылығына қарамастан шаруасын кеңейтуге кұлшынып отырған көрінеді.