Ақтөбеде парашюті ашылмай қалған курсант қаза тапты

2 318

Фото: freepik.comАқтөбеде Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанты парашютпен секіру кезінде қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 15 шілде күні таңертең болған. Жоспарлы оқу-жаттығу кезінде курсанттың парашюті ашылмай қалған. Ол ауыр жарақат алған. 

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүріп жатыр. Әуе қорғанысы күштері қолбасшылығы қаза болған курсанттың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Марқұмның туыстарына барлық қажетті көмек берілмек. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.