"Әлі бала ғой": Алматы облысында 15 жастағы екі қызды ата-анасы тұрмысқа бермек болған
763
Алматы облысы Қарасай ауданындағы екі жанұя кәмелетке толмаған қыздарын тұрмысқа бермек болған. Заңға қайшы әрекет қазақстандықтардың ашуын тудырып, іске жергілікті билік пен құқыққорғау органдары араласты. Көп ұзамай бұл фактіге қатысты Алматы облысы Білім басқармасы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қос қыздың тағдыры туралы ақпаратты "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында жазды.
Ол 15 жастағы екі мектеп оқушысын өз еркінен тыс тұрмысқа беріп жатқаны туралы ақпарат Қарасай ауданы тұрғындарынан келгенін айтты.
"Назар аударыңыздар. Ақпаратты тексеріңіздерші. Егер шын болса, балаларға көмектесу керек. Бұл өте ауыр қылмыс, оның алдын алуымыз қажет", - деген автор Алматы облысы полициясының басшылығына жүгінді.
Бұл хабарлама көпшіліктің назарына бірден ілікті. Қазақстандықтар жасөспірім қыздардың ата-анасының әрекетіне бірден наразылық танытып, биліктен заңсыздықтың алдын алуды талап еткен.