Әкесі 15 жастағы қызын 16 рет пышақтап өлтірді

1 736

Фото: politico.kzАлматы облысының Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында ер адам өз туған қызын пышақтап өлтірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

10 қараша күні кешкі 18:00 шамасында  мас күйдегі әкесі ас бөлмесіне су ішуге кірген. Сол кезде 15 жастағы қызы тамақ әзірлеп жатқан. Екеуі суды бір уақытта алмақ болғанда сөзге келіп, араларында жанжал туындаған.

Ашуға булыққан ер адам асүйдегі пышақты алып, қызын 16 рет пышақтаған. Сол сәтте үйде ешкім болмаған. Қыз көп қан жоғалтып, оқиға орнында көз жұмған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, әкесі мен қызының арасында бұрыннан салқындық байқалған. Қыз әкесінің ішімдікке салынғанын намыс көрген. Ол бірнеше рет полиция шақырып, әкесін бұзақылық әрекеті үшін ұстауды талап еткен. Осы жағдайлардан кейін әкесі қызына іштей реніш сақтап жүрген. 

Қазіргі таңда күдікті изоляторда қамауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.