Бір пәтерден 44 адамның тіркелуі тексеріске алынды

1 514

Фото: Алматы полициясыАлматыда көші-қон қызметінің қызметкерлері бір мекенжайға азаматтарды жаппай тіркеу фактілерін анықталған.

Полицияның мәліметінше, тексеру кезінде қаланың екі ауданындағы екі тұрғын үйде осындай жағдай тіркелген. Бір пәтерде 44 адам, екіншісінде 16 адам тіркелгенімен, олардың бұл мекенжайда нақты тұрмайтыны белгілі болған.
Әрбір дерек бойынша тексеру жүргізіліп, материалдар заңнамаға сәйкес шара қабылдау үшін жолданған.
Полиция мәліметінше, мұндай «резеңке пәтерлер» қоғамдық және көші-қон қауіпсіздігіне қауіп төндірген. Олар заңсыз болуды заңдастыру, нақты тұрғылықты жерді жасыру және өзге де құқық бұзушылықтарға жағдай жасау мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
Алматы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаевтың айтуынша, жалған тіркеу - формальдылық емес, қауіпсіздік мәселесі.

Жалған тіркеу бақылаудан жалтару құралына айналып, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді. Қауіпсіздік ашықтықтан басталады. Үйде нақты кімнің тұрып жатқанын білу - құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды тетігі, - деді ол.

Полиция жалған тіркеуді рәсімдеген азаматтарға да, өз мекенжайын заңсыз тіркеу үшін ұсынған тұрғын үй иелеріне де заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салған. Мұндай тексерулер қаланың барлық ауданында жалғасады.