Су қоймасынан ер адамның мәйіті табылды

1 507

Фото:© Pixabay.comАқмола облысы Зеренді ауданында су қоймасынан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Алексеевка ауылы маңындағы Доломитовый мен Алексеевка елді мекендері арасындағы су қоймасында балық аулап жүргендер жергілікті тұрғынның мәйітін байқап, оны судан алып шықты. 

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 1983 жылы туған ер адам суға батып қайтыс болған. Марқұмның үстінде киімі болған, ал балық аулаумен айналыспағаны белгілі болды. Оның су қоймасына жақын тұратын жері бар, ел арасында автокөлік жөндеумен айналысатын шебер ретінде танылған, әжесімен бірге тұрған. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі оның суға батып кетуінен болған. Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты қарастырылып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.