8 сынып оқушысы өз-өзіне суицид жасаған
Шымкентте 8-сынып оқушысы суицид жасады, дәрігерлер оқиға орнына келгенімен жасөспірімді құтқару мүмкін болмаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жасөспірімді туыстары тауып алды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Алайда дәрігерлер келгенде оқушыда өмір белгілері болмаған", – деп мәлімдеді Шымкент қалалық білім басқармасы.
Ресми деректерге сәйкес, жасөспірім бұрын арнайы медициналық есепте тұрмаған және құқық қорғау органдарында тіркелмеген. Оның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз, барлық мән-жайлар жан-жақты тексеріліп жатыр.
"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде", – деп мәлімдеді Шымкент қаласы полиция департаменті.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары жасөспірімнің отбасы жағдайын, әлеуметтік ортасын және психологиялық ахуалын зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заң аясында тиісті шешім қабылданатын болады.







