Ер адам азаматтық некедегі жұбайын пышақтап өлтірген

1 514

Көрнекі фото:© David Young/picture alliance via Getty ImagesҰлытау облысында 33 жастағы күдікті азаматтық некедегі әйелін 20 рет пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді, марқұм әйелдің артында 4 баласы қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Жәйрем кентінде болған, марқұмның жасы 42-де. Артында төрт баласы қалды. Өзінің дүкені бар әрі бірнеше пәтерін жалға береді екен. Күйеуімен ажырасқан ол өзінен тоғыз жас кіші жігітпен көңіл жарастырған. Марқұмның туыстары күйеу бала азаматтық некедегі әйеліне де, балаларға да қол жұмсай бастағанын айтып отыр. 

"Бірнеше рет полицияға ұстатып жіберсе де, шығып келіп кешірім сұраған. Соңғы жанжалдан соң, марқұм оны үйден біржола қуып жіберген. Бірақ араққа сылқия тойып келген жігіт әйелді өз дүкенінде қанжоса етіп пышақтап тастаған", - дейді телеарна тілшілері.

"Жәйрем кентінде орын алған адам өлтіру фактісі бойынша  полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат ауруханадан уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Себебі қылмыс жасағаннан кейін ол өзіне қол жұмсаған. Тергеу жүріп жатыр. Тергеуді полиция департаментінің басшылығы қатаң бақылап отыр", - дейді Ұлытау облысы ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.