Қазақстан темір жолының қарызы 3 триллион теңгеге жетті

1 512

Фото: ©rail-news.kzСенаттағы парламенттік тыңдауда сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтов “Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясының тариф саясаты мәселесін көтерді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған компанияның қарызы себеп болған. Егер бұл мәселе дер кезінде шешілмесе, келер уақытта тасымал тарифтері күрт өсуі мүмкін. Жоғары аудиторлық палатаның дерегіне сүйенсек, елдегі жүк тасымалының шамамен 70%-ы өзіндік құнынан төмен тарифпен жүзеге асырылады. Қазақстанда теміржол тарифтері ЕАЭО және ТМД елдерімен салыстырғанда ең төмен деңгейде қалып отыр. 

Көрші мемлекеттерде дәл осындай тасымал құны 2-4 есе жоғары. Соның салдарынан Қазақстан темір жолының қаржылық жүктемесі арта түскен. Жаңа қарыздарды қоса есептегенде, компанияның жалпы берешегі 3 триллион теңгеден асып кеткен. Сенатордың айтуынша, бұл мәселені кейінге қалдыру компанияға ғана емес, Қазақстанның транзиттік әлеуетіне де кері әсер етуі мүмкін. Шәкәрім Бұқтұғұтов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да үкіметтің кеңейтілген отырысында тариф саясатын жедел реформалау қажетін тапсырғанын еске салды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.