Қаржы пирамидасы 370 қазақстандықты WhatsApp арқылы тартқан

1 518

Фото:©️ pixabay.comПирамида халыққа күн сайын пассивті табысты уәде етіп, WhatsApp-та арнайы топтар ашып, салымшылар тартқан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында "ENVIDA AI" қаржы пирамидасына тергеу жүріп жатыр. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қазір бұл пирамиданы құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. “Тергеу амалдарына сай, жоба ұйымдастырушылары WhatsApp мессенджері арқылы "Еnvida ai ежедневный пассивный доход" және "Еnvida ai супер новый проект ежедневный пассивный доход" атауымен топтар құрып, азаматтарды тұрақты жоғары табысқа уәде беру арқылы тартқан.

Жобаның маркетингтік моделі көпдеңгейлі жүйеге құрылған. Негізгі табыс жаңа салымшыларды тарту есебінен қалыптасып отырған. Жоба өзін нақты активтерге инвестиция салатын халықаралық экожүйе ретінде таныстырған”, – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қаржы пирамидасына 370-тен астам салымшы тартылған. Еліміздің алты өңірін қамтиды: Ақтөбе; Атырау; Қызылорда; Павлодар; Түркістан облыстары; Алматы қаласы. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.