КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҚЫЗ БАУЫРЫМЕН ҰРЫСЫП ҚАЛҒАН СОҢ ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ

1 637

Фото: GhatGpt көмегімен жасалдыОқиға 9 маусымнан 10 маусымға қараған түні Тараз қаласында болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім қыз бен інісінің арасында жеке заттарға байланысты жанжал туындаған. Кейін жанжал төбелеске ұласқан. Оқиға барысында қыз інісін жарақаттап алған. Баланың маңдайында жеңіл жарақат болғаны айтылған.

Туыстарының сөзінше, анасы балаларды ажыратып, қызды бөлмесіне жіберген. Кейін оны сабырға шақыруға жақындары тырысқанымен, жасөспірім қатты күйзеліске түскен.

Біраз уақыттан соң қызды ауладағы жуынатын бөлмеден өмір белгілерінсіз тапқан.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.