Шетелдік 40 блогерге Алматы әкімдігі 26 миллион теңге жұмсамақ

335

Алматы әкімдігі 40 шетелдік блогерді шақырып, оларға 26 миллион теңге жұмсамақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.


Бұл мәлімет мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды. Белгілі болғандай, блог тур екіге бөлініп, бес күн аралығында өтеді. Турға Ресей, Грузия, Армения, Беларусь, Украина, Түркия, Корея, БАӘ және Гонконгтан адамдар келеді.
Оның өту уақыты биыл үшінші, төртінші тоқсанға 20 адамнан қатысады деп жоспарланған.
Қазақстан өз кезегінде блогерлерге елге келу және қайтуға ұшақ билеттерін алып беріп, визалар рәсіміне көмектеседі.
Деректерге сүйенсек, блогерлер саяхаттауға келеді. Блогерлердің турында: Алматыны шолу экскурсиясы, қазақ халық музыкалық аспаптар мұражайына, Алматы мұражайына және "Ғұндар" немесе "Номад" этно-ауылдары бар.
Сондай-ақ, қонақтар 28 Панфиловшылар саябағын, "Көк Төбе", "Көк базар" және "Сұңқар" тәлімбағын көреді. Сонымен бірге, бағдарламада "Ой-Қарағай Лесная сказка" курортына, Arba Wine жүзімдіктеріне, Шарын шатқалына, Медеу, Шымбұлақ және Көлсайға барады деп жоспарланған.
Одан бөлек блогерлерге қазақтың ұлттық тағамдарынан мастер-класс өткізіліп, ұлттық киімдермен фотоға түседі.
Іс-шара бойы блогерлер күніне үш реттік тамақпен қамтамасыз етіліп, Алматыдағы төрт, бес жұлдызды бір бөлмеде тұрады.


Әкімдік аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді, неліктен осы елдер таңдалғанын айта кетті.
"Бұл елдер саяхаттау үшін жаңа орындар іздейтін төлемге қабілетті аудитория болғандықтан, екіншіден, Алматыға тікелей рейстер болғандықтан таңдалды. Блог-тур бағдарламасы Қазақстанның тарихы мен мәдениетін ашатын танымал табиғи және қалалық көрікті жерлерді қамтиды”, – деді әкімдікте.