20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

1 507

Фото: Видеодан скринМас күйде көлік жүргізіп, ұсталған қазақстандық спортшы Данияр Елеусінов бостандыққа шықты. Ол өз ісіне өкінетінін жеткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

28 шілде кешке Данияр Елеусіновті арнайы қабылдау орнының қақпасы алдында жұбайы Алина мен достары қарсы алды.

"Бұл оқиғаға қатысты айтарым, болған нәрсе болды, оны өздеріңіз де көрдіңіздер. Осы жағдайға қатты өкінемін", – деді.

 Бұған дейін Астанада Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мас күйде көлік жүргізіп ұсталған еді. Кейін Астана әкімшілік соты Елеусіновті 20 тәулікке қамауға алып, жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырды.

Данияр Елеусінов – 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының жеңімпазы, сондай-ақ Азияның екі дүркін чемпионы (2013, 2015).

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.