Мұхаммед пайғамбарды қорлаған ер адам бас бостандығынан айырылды

1 571

Фото:©ChatGPT көмегіменПетропавлда діни алауыздықты қоздыру ісі бойынша үкім шықты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 Сотта 50 жастағы Арман Ахметов жауап берген. Айыптау нұсқасына сәйкес, ер адам әлеуметтік желіде діни араздықты қоздыруға бағытталған жазбаларды бірнеше рет жариялаған. Атап айтқанда, ол исламның “қазақтарға тиесілі емес” екенін айтып, Мұхаммед пайғамбардың атына тіл тигізетін мәлімдемелер жасаған.

Сотталушының мүддесін екі адвокат қорғады. Қорғаушы тарап қосымша соттық дінтану сараптамасын тағайындауды сұрағаны. Десе де сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Сонымен қатар сот отырысында прокуратура сотталушымен процестік келісім жасау туралы ұсыныстан бас тартты. Нәтижесінде сот Арман Ахметовті діни алауыздықты қоздыру бабымен кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әзірге заңды күшіне енбеген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.