Онлайн жиында темекі шеккен мәслихат төрағасына айыппұл салынды

1 500

Коллаж Politico.kzҚарағанды облысында онлайн жиын кезінде электронды темекі шеккен Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы Қанат Саққұлақовқа айыппұл салынды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде оның қызметтік кабинетінде жұмыс үстелінің басында отырып, Zoom арқылы жиынға қатысқан видеосы тараған. Кадрдағы әрекеті желі қолданушыларының наразылығын туғызған.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде осы бейнежазбаны анықтап, тексеру жүргізген. Олар видеодағы адамның Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы екенін және электронды темекі шеккенін растаған. Осы әрекеті үшін ол әкімшілік жауапкершілікке (32 437 теңге) тартылған.

Қарағанды облысының полиция департаменті лауазым, мәртебе немесе қоғамдағы орын заң талаптарын сақтау міндетінен босатпайтынын атап өтті. Ведомство заң мен тәртіптің баршаға бірдей екенін еске салды.

Қанат Келгенұлы 1963 жылы 9 желтоқсанда Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында дүниеге келген. 1980 жылы орта мектепті, 1985 жылы Қарағанды политехникалық институтын жол-құрылыс машиналарының инженері-механигі мамандығы бойынша бітірген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.