ІЗДЕУ САЛАМЫЗ

439
ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ 
Қызылордалық полицейлер 25 жастағы қала тұрғынын әлі де іздестіруде – деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агентігі.

Қала тұрғыны Бегімбай Самат Болатұлы 12.09.2021 жылы Қызылордадан Нұр-Сұлтан қаласына Subaru Legacy 996 AAC 11 автокөлігімен   күндізгі  сағат  10 шамасында үйінен шыққан күйі хабар ошарсыз жоғалып кеткен.  Соңғы деректер бойынша, телефонының геолокациясы  Қызылорда облысы, Абай совхозы, Досан ауылында болғанын көрсеткен.
Аталған фактілер бойынша, жедел- тергеу тобы  іздеуге шыққан. Қазіргі таңда 25 жастағы азаматты іздеу жұмыстары жалғасуда.
«Ол кетіп бара жатқанда  үстіне сұр   спорт киімі мен ақ кроссовка киіп шыққан. Өзімен бірге құжаттарын, iPhone 11 ұялы телефоны мен ноутбугын алып кеткен. Белгілері: бойы 177 см, көзі қоңыр, шашы қара, қара торылау келген ірі денелі жігіт» - дейді туыстары.
Бегімбай Самат Болатұлын барлық  көрген адамдарға 102 номеріне хабарласуын сұраймыз.