Астана – Петропавл тасжолында апат: төрт күндік сәби ауыр жағдайда жатыр

1 504

Фото: Opennews.kz ЖИАстана – Петропавл тасжолында болған жол апатынан алты адам зардап шекті. Олардың арасында небәрі төрт күн бұрын дүниеге келген нәресте бар. Қазір дәрігерлер сәбидің өмірі үшін күресіп жатыр, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы 7 қараша күні Көкшетау қаласына жақын маңда, Астана – Петропавл тасжолының 312-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Volvo жүк көлігі мен Hyundai Genesis және Lada Granta маркалы екі жеңіл автокөлік соқтығысқан.

Апат салдарынан алты адам түрлі дене жарақатын алған. Зардап шеккендердің арасында төрт күндік нәресте, 13 жастағы бала, бірнеше әйел мен ер адам бар. Олардың кейбірі сүйек сынығы мен дене жарақаттарын алған. Hyundai Genesis көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілген. Ал жаңа туған нәресте Ақмола облыстық балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға күш салып жатыр. Қазіргі уақытта полиция жол апатының себептері мен мән-жайын анықтауда. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.